Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі

Жер сілкінуі деп жер қойнауының потенциалдық энергияларының кездейсоқ, кенеттен босанып шығуын және қазіргі тектоника процестерге байланысты жер бетінің тербелуін, жойқын шайқалуын атайды. Тектоникалық процестерге байланысты қуатты кернеулер жердің астында оңдаған, жүздеген жылдар бойы жиналады. Сол қуаттардың босап шығуы, жер сілкіну ошақтарындағы тау жыныстарының тектоникалық бұзылысына және ошақтар маңындағы қайтымды деформацияларға байланысты. Қайтымды деформациялар серпінді тербелу күйінде тарайды. Сөйтіп жердің терендіктерінде үнемі кернеулер жиналып, олар тау жыныстарының беріктік шегіне жеткен кезде жарылу пайда болады, потенциалды қуат (энергия) кинетикалық қуатқа ауысып, кернеулер б Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөліәсеңдейді, ал жер қойнауынан босаған қуат серпінді толқындар түрінде тектоникалық жарылымдар бойымен жер сілкініс ошақтарынан жан-жаққа тарап, жер бетіне дейін жетіп, жерасты дүмпуі немесе жер бетінің тербелуі түрінде сезіледі. Негізгі жерасты дүмпуімен қатар, алдын ала дүмпулер - форшоктар және кейінгі - афтершоктар дүмпулер болады. Осылайша, әрбір жер сілкінісі серпінді энергиялардың босануынан пайда болады. Бұл жағдайда бір-біріне қатысты жер қыртысының блоктары жыртылу жігі бойымен бірден ауысады. Ал серпінді толқындар бойлық (Р), көлденең (S) және үстіңгі (L) толқыңцарға бөлінеді Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі.

1556 ж. қаңтардың 23 күні Шэньси өлкесінде Хуасянь жойқын жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Сиань қаласының шығысында 70 километр қашықтықта лесс топырағы кең тараған жерде болды. Қытай құжаттарында сол жер сілкінісі салдарынан шамамен 830 мың адам құрбан болды деп жазылған. Кейде жер сілкінісі әсерінен жер бетінде ерекше бедер пішіндері пайда болады. 1887 ж. Мексиканың солтүстігінде тектоникалық лықсу нәтижесінде биіктігі 7 м-ге жететін төбешік тізбектері қалыптасты, ал Индиядағы Ассам жер сілкінісі кезінде теңіздің бетінде жаңа аралдар пайда болып, олардың біреуінің ұзындығы 150 метрге, ал ені 25 метрге жеткен.

Кейбір жерлерде жер Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі сілкінісінен түзілген жарықтар жігінен су көтеріліп, олар жер бетіне құм мен саз үйінділерін қалыптастырған. Соның нәтижесінде биіктігі 1-1,5 метрлік үйме сазды конус тізбектері түзілген. Сонымен қатар жер бетінде иілім тәрізді деформациялар да болады. 1892 ж. Жапонияда жер сілкінген уақытта жердің бетінде биіктігі 30 см, ұзындығы 3-10 метрге жететін белестер пайда болған.

Жер сілкіну әсерінен қоздырылған кейбір табиғат құбылыстары өте маңызды бедер түзілу ролін атқарады. Жерасты қатты тербелістерінің әсерінен тауларда құламалы тік жарлар, өзен жэне теңіз жағаларындағы опырылмалар, сусымалы түзілімдер, ал ылғалды жерлерде Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі - жылжымалар және топырақ қалқымалары қалыптасады. Осы сияқты Тәжікстандағы (1949 ж.) Хант ауылының маңында жер сілкіну нәтижесінде ірі опырылмалар мен сусымалы тас шөгінділері пайда болды, ал ауыл тұррғындарының үйлері түгелімен дерлік көшкіннің астында қалған. Аса үлкен опырылмалы құбылыс 1911 жылғы Памирдегі жерсілкінісі кезінде болды. Опырылған тау жыныстары Мургаб өзенінің аңғарына қопарыла құлап, ені шамамен 5 километрге, биіктігі 600 метрге жететін бөгет құрды. Осының салдарынан ұзындығы 60 км, терендігі 500 м Сарез көлі пайда болған.




documentarlgqxd.html
documentarlgyhl.html
documentarlhfrt.html
documentarlhncb.html
documentarlhumj.html
Документ Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі